1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы
ПАЦИЕНТЫ СМОГУТ ПОДТВЕРЖДАТЬ ПОЛУЧЕНИЕ МЕДУСЛУГИ В ОБНОВЛЕННОМ МОБИЛЬНОМ ПРИЛОЖЕНИИ ФСМС
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы Айдын Құлсейітов Үкімет отырысында Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы жаңартудан өтіп жатқанын айтты. Онда пациенттің рөлі трансформациядан өтіп, медициналық қызметтердің сапасы мен көрсетілуін бақылау жүйесіндегі негізге айналмақ. Қор Qoldau 24/7 мобильді қосымшасының жаңа нұсқасын әзірлеуде. Оны жылдың соңына қарай іске қосуды жоспарлап отыр. Пайдаланушылар жеке кабинет арқылы барлық қажетті ақпаратқа қол жеткізіп, мәртебесін тексеріп, төлемнің түскенін қарай алады және ең бастысы — медициналық қызметтерді алу көрсеткішін көре алады.

«Бұл функционал бұрын-соңды болмаған деңгейдегі ашықтықты қамтамасыз етеді. Азаматтар ЖСН теріп, Қордың қандай қызметтерді төлегенін көруге мүмкіндік алады. Сондай-ақ, жалған жазбаны анықтау қызметі аса маңызды. Қызмет жүйеде тіркелген соң, пациентке хабарлама келеді және ол қызметті алғанын не алмағанын растай алады», – деді Айдын Құлсейітов.

Егер пациент қызметті алса, оны ЭЦҚ көмегімен растайды және бірден сапасына 1-ден 5-ке дейін баға бере алады. Ал қызмет көрсетілмесе (яғни, жалған жазба), пациент оны да ЭЦҚ арқылы тіркеп, Қор расталмаған медициналық қызмет бойынша автоматты түрде ресми тексерісті бастайды.

Осылайша, Qoldau 24/7 әр сақтандырылған азаматты жүйенің аудиторы ретінде қарап, алаяқтықпен күрестің ең тиімді сыртқы контурын қамтамасыз етеді.
07.10.2025
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
Казахстан переходит к новой модели государственного управления финансированием здравоохранения
Қазақстан денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуде
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ денсаулық сақтауды қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуге дайындықтың бірінші кезеңін аяқтады. Жүргізіліп жатқан трансформация мемлекеттік ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру, денсаулық сақтау... 
08.07.2026
БОЛЕЕ 835 ТЫС. КАЗАХСТАНЦЕВ ПОЛУЧИЛИ СТАТУС ЗАСТРАХОВАННОГО ПОСЛЕ PUSH-УВЕДОМЛЕНИЙ В БАНКОВСКИХ ПРИЛОЖЕНИЯХ
БАНКТЕРДІҢ МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАЛАРЫНДАҒЫ PUSH-ХАБАРЛАМАЛАРДАН КЕЙІН 835 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ САҚТАНДЫРЫЛҒАН МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы push-хабарламалар жіберу жолымен азаматтарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі мәртебесі туралы хабардар ету сервисінің жұмыс нәтижелеріне талдау жүргізді.
02.07.2026
В ФОНДЕ СОЦИАЛЬНОГО МЕДИЦИНСКОГО СТРАХОВАНИЯ СОСТОЯЛОСЬ ПЕРВОЕ ЗАСЕДАНИЕ ОБЩЕСТВЕННО-КОНСУЛЬТАТИВНОГО СОВЕТА В НОВОМ СОСТАВЕ
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА ҚОҒАМДЫҚ-КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСТІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН ҚҰРАМДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Кездесу Медицина қызметкерлері күні қарсаңында ұйымдастырылып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.
23.06.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу